«Ұлттық құрылтай – ұлтты ұйыстыратын ұлық алаң. Құрылтайда көтерілетін барлық мәселелер халық, қоғам ішінен шығуы шарт. Жұртты алаңдатқан, қарапайым халықтың жанына батқан әрбір кешенді мәселе ең алдымен аудандық, қалалық, облыстық мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерде жіті талқыланып, саяси формулалар мен құжаттарға айналып, болашақта құрылтайдың күн тәртібіне енгізген жөн деп есептейміз. Сонымен қатар керісінше, құрылтайда талқыланған идеялар мен бастамалар Парламентте, аймақтық мәслихаттар мен қоғамдық кеңестер алаңдарында ашық, айқын талқыланып, қоғамға жеткізіліп отыруы аса маңызды. Осы мақсатпен таяу күндері Мәжіліс жанынан әртүрлі ұстанымы бар саяси ұйымдар өкілдерін, сарапшылар мен қоғам белсенділерін қатыстыратын Қоғамдық палата өз жұмысын бастамақ», деді Ерлан Қошанов.
Ұлытау облысында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мәжіліс жанынан әртүрлі ұстанымы бар саяси ұйымдар өкілдерін, сарапшылар мен қоғам белсенділерін қатыстыратын Қоғамдық палата құрылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
ТЖМ құтқарушылары 5 автокөлікті өрттен қорғап қалды
Аймақтар • Кеше
Серік Сәпиев басшылық қызметке тағайындалуы мүмкін
Спорт • Кеше
Атырау тұрғыны сиырдың өлексесінен Сібір жарасын жұқтырды
Денсаулық • Кеше
Ақтөбеде әйелі мен балаларын ұрып-соққан азамат сотталды
Қылмыс • Кеше