Аймақтар • 17 Маусым, 2022

Көне ғасыр күмбірі

695 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласының іргесіндегі Еркінқала ауылына барар жолда әр күні түрлі іс-шара өтетін этнопарк ашылды. Этнопаркті кәсіпкер Гүлжан Қозекешева Nurly tal деп атаған. Оны ашу жөніндегі идея бес жыл бұрын туындапты.

Көне ғасыр күмбірі

Әкімдік этносаябақ үшін 2 гектар жер телімін бөл­ген. Жобаның құны – 280 млн теңге. Көне ғасырлар күм­­­бірінен сыр шерткендей сәу­леті бар этнопаркке ке­лу­шілер қолөнер бұйым­­дарын тамашалай алады. Ал­тыбақанда тербе­ліп, ұлт­тық тағамдар ұсы­на­тын «Үйшік» мей­рам­ха­на­сынан дәм татады. Бала­лар­ға арналған «Қа­рауыл­тө­бе» ойын алаңы бар. Ал «Махаббат ала­ңында» жас жұбайлар үшін ұлттық салт-дәстүрді көрсететін жо­ралғылар ұйым­дас­ты­ры­лады.

– Біз күн сайын әртүрлі іс-шара өткіземіз. Мәселен, сейсенбіні қоршаған ортаны қорғауға арнауды көздедік. Бұл күнгі өтетін іс-шаралар та­­би­ғаттың тазалығын сақ­тауға бағытталады. Сәр­сен­бідегі бағдарламаның бар­лығы балаларға арналады. Бейсенбіде отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтеді. Жұма күні қала тұр­ғын­дары мен қонақтары үшін конкурстар, концерттік бағ­дарламалар ұсынылады. Сенбі – отбасылық күн, жек­сенбі – жастар күні, – дейді Гүлжан Қозекешева.

Оның айтуынша, этно­паркте жергілікті қолөнер­шілерге өз тауарын сатуға орын берілмек. Сондай-ақ төрт түлік көрмесін ұйымдас­ты­ру жоспарланып отыр.

– Жергілікті кәсіпкер­лер­­мен келіссөз жүргізіп жа­тыр­мыз. Өз кәсібін жаңа­дан бас­тағандар мен жас қол­өнер­шілерге қолдау көр­се­теміз. Олар этносаябақта өтетін жәр­­меңкелерге қатыса алады, – дейді этнопарк директоры.

 

Атырау облысы