Оқиға • 17 Маусым, 2022

Екібастұзда мүмкіндігі шектеулі бала үшінші қабаттан құлап кетті

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екібастұзда мүмкіндігі шектеулі бала 3-қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұзда мүмкіндігі шектеулі бала үшінші қабаттан құлап кетті

13 маусым сағат 09.00-де Екібастұз қалалық ПБ кезекші бөліміне «103» жедел жәрдем диспетчерінен Энергетиков көшесіндегі үйдің ауласында үшінші подъездің жанында бала жатыр деген телефон хабарламасы келіп түсті.

Анықталғандай, 5 жастағы жас бала ата-анасының қарауынсыз қалып, 3-қабаттағы ас үйдің ашық тұрған терезесінен құлап кеткен. Бүлдіршін туған кезінен мүгедек екені белгілі болды. Құлау салдарынан бала түрлі дене жарақаттарын алып, Екібастұз қаласы ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

«Абайсызда жас баланың денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан, жас баланың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін 25 жастағы әкесіне қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 141-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі», деп хабарлайды Екібастұз қаласы Полиция басқармасының бастығы Қайыржан Шақарғалиев.