Қоғам • 17 Маусым, 2022

Елімізде жалған қаржы компаниялары көбейген

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржылық мониторинг агенттігі интернетте жалған қаржы компаниялары көбейіп бара жатқандығын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде жалған қаржы компаниялары көбейген

Олар азаматтарға «Қазмұнайгаз», «Теңізшевройл» мұнай компаниялары, «Бәйтерек Инвест» мемлекеттік цифрлық платформасы, және Kaspi bank сияқты ірі жобаларға ақша салуды ұсынып, жоғары және пассивті кірістілікке уәде береді. Алайда, мұның бәрі жалған ақпарат.

«Азаматтарды сендіру үшін алаяқтар белгілі компаниялар мен банктердің, ақпараттық порталдардың логотиптерін пайдаланады, сонымен қатар белгілі тұлғаларды қатысушы ретінде көрсетеді. Мұндай жарнамалардың барлығы жалған, шындыққа жанаспайды және қаржылық пирамиданың белгілері бар», деп жазды ведомство.