Медицина • 17 Маусым, 2022

Елордада «Дені сау ұлт» ұлттық медициналық саммиті өтеді

451 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елордада «Дені сау ұлт» ұлттық медициналық саммиті өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада «Дені сау ұлт» ұлттық медициналық саммиті өтеді

Медицина қызметкері күнін мерекелеу қарсаңында және Президенттің «Жаңа Қазақстан» идеясының шеңберінде іске асырылатын іс-шараның ұйымдастырушылары  Денсаулық сақтау министрлігі және «ALTYN SHIPAGER» ұлттық медициналық сыйлығының ұйымдастыру комитеті.

Саммитке Президент әкімшілігі, Үкімет  мүшелері, елдің медицина жұртшылығының өкілдері, бизнесмендер, денсаулық сақтау саласындағы  отандық және шетелдік сарапшылар қатысады.

«Медициналық  саммит барысында  дәрілік заттар, медициналық жабдықтар,  медициналық мақсаттағы бұйымдар  өндірушілерінің, импортерлердің және дистрибьюторлардың, фармацевтикалық компаниялардың, медициналық мекемелердің,  мемлекеттік  және мемлекеттік емес ұйымдардың, медицина саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің,  ғылыми институттардың, зертханалардың және тағы басқалардың қатысуымен республикалық ауқымды көрме өтеді», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, отандық және шетелдік спикерлердің, медицина саласындағы, менеджмент және денсаулық сақтау жүйесін стратегиялық дамыту саласындағы сарапшылардың қатысуымен TEDx форматында «Health&Talks» диалог алаңының отырысы өтеді.

Жыл сайынғы ALTYN SHIPAGER  ұлттық медициналық сыйлығы да осы саммит аясында табыс етіледі.

 

Соңғы жаңалықтар

«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі

Энергетика • Бүгін, 09:00

Ұлыс пен ырыстың негізі

Наурызнама • Бүгін, 08:50

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

«Amanat» партиясының үндеуі

Партия • Бүгін, 08:22

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20