Қазақстан • 18 Маусым, 2022

Ұлттық ұлан 22 офицермен толықты

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Нұр-Сұлтандағы «Отан қорғаушылар» монументі жанында Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде офицерлердің салтанатты шығарылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық ұлан 22 офицермен толықты

150 магистрант Қазақстанның Қарулы Күштерінің офицерлік корпусына қабылданды. Олардың 22-сі болашақта Ұлттық ұланда қызмет атқарады.   

Салтанатты шараға еліміздің күш құрылымдарының және ЖОО-ның басшылығы қатысты. Құқықтық тәртіп әскерлерінің түлектеріне дипломдарды Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Альберт Маткаримов, Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаментінің бастығы генерал-майор Жұмабек Ахметов және Ұлттық ұлан факультетінің бастығы полковник Марат Батыров табыс етті.

– Бүгін Қарулы Күштер қатары Қазақстанның ең беделді әскери оқу орнында оқыған кәсіби дайындалған офицерлермен толықты. Офицерлер стандарттан тыс шешімдер қабылдауға дайын жоғары білікті мамандар ғана емес, сондай - ақ күрделі жауынгерлік міндеттерді орындауға, бағыныстыларды ертіп, олардың өмірін сақтап қалуға қабілетті, патриоттар антына адал болуға тиіс, - деді Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов түлектерге арнаған сөзінде.

Құқықтық тәртіп әскерлерінің 22 әскери қызметшісі «Ұлттық ұландағы Менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша төрт біліктілік бойынша оқытудан өтті.

Айта кетсек, Ұлттық ұлан факультетінің түлегі майор Мақсат Мұқаев оқу барысында ең көп балл жинады.