Әлем • 18 Маусым, 2022

Үндістан мен Бангладеште су тасқынынан 13 адам қаза тапты

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістан мен Бангладештің әртүрлі аймақтарында жауған нөсер салдарынан туындаған су тасқыны мен көшкіннен 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үндістан мен Бангладеште су тасқынынан 13 адам қаза тапты

Кейінгі бір тәуліктің өзінде Үндістанның солтүстік-шығысындағы Ассам штатында сел салдарынан 9 адам қаза тапқан. 

Жергілікті биліктің айтуынша, бес күнде су тасқыны мен көшкіннің салдарынан 1,8 миллионнан астам адам зардап шеккен. Тағы 108 мыңнан астам адам қауіпсіз аймақтарға көшірілген. 

Бангладештің оңтүстігіндегі Чаттограм аймағында 17 маусым күні басталған жаңбыр әлі толастамай тұр. Бұл мекенде көшкін салдарынан 4 адам қаза тауып, көптеген тұрғындар зардап шекті.