Әлем • 18 Маусым, 2022

Сенегал оппозициясы ереуілге шықты

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған елдегі оппозиция жетекшісі Осман Сонко мен оның жақтастары Сенегалдағы сайлау процестеріне наразылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенегал оппозициясы ереуілге шықты

Олар конституциялық соттың 31 шілдеде өтетін парламенттік сайлауға Сонко басқаратын коалиция үміткерлерін қабылдамай қойғанына наразы. Сол себепті Дакар астанасындағы Обелиск алаңында арнайы акция өткізді. 

Демонстранттар үкімет пен президент Макки Саллға қарсы ұрандатқан. 

Бірақ елде 10 шілдеге дейін шеру өткізуге тыйым салынған. Сол себепті заңсыз шеруге шыққандар мен полиция арасында қақтығыс болды. 

Жергілікті ақпарат құралдары оқиға кезінде 1 адамның қаза тапқанын хабарлады. 

Қазір елде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр. Дакардың көптеген көшелері көлік қозғалысы үшін жабылды.