Қазақстан • 19 Маусым, 2022

Бүгін кей өңірде аптап ыстық болады

128 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Синоптиктер 19 маусым күні ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін кей өңірде аптап ыстық болады

Осыған байланысты еліміздің оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Сондай-ақ бұршақ пен дауыл болуы мүмкін.

Еліміздің батысында, солтүстік-шығысында жалпы жауын-шашын жаумайды. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында найзағай ойнап, дауыл соғады. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл болуы ықтимал. Ал облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында жел екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде күн күркірейді, облыстың орталығында жел 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды, жел қарқыны - 15-20 м/с.

Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының күндіз оңтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ, түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Күндіз облыстың батысында жел екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл соқса, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының солтүстігінде, шығысында күн күркірейді, жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл болуы да мүмкін, жел екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Ақмола облысының батысында, күндіз солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай жарқылдайды, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында желдің күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде аптап ыстық болады.

Қызылорда облысында, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Түркістан облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.