«Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 950 адамға жетті. Бүгін белгілі болғандардың ішінде 2-еуі Нұр-Сұлтан қаласында, 12-сі Алматы қаласында, 1-еуі Қарағанды облысында тұрады», деп жазылған ведомствоаралық комиссия таратқан хабарламада.
Сондай-ақ Қазақстанда 11 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан.
Бір күнде Нұр-Сұлтан қаласында - 7, Алматы қаласында - 3, Жамбыл облысында 1 адам дертінен айыққан. Елімізде барлығы 1 292 152 тұрғын COVID-19-дан емделді.