Елорда • 19 Маусым, 2022

Елордада Nur-Sultan Half Marathon жарысы өтті

427 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін елордада Nur-SultanHalf Marathon-2022 жарысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Елордада Nur-Sultan Half Marathon жарысы өтті

Марафонға Қазақстан мен әлемнің 24 елінен спортшылары жиналды.

Таңертеңнен бастап ЭКСПО алдындағы алаңда Nur-SultanHalf Marathon қатысушылары бас қосты. Олар ұжымдық жаттығулар өткізіп, бір-бірін жігерлендірді.

Жарысқа қатысушылар 21.1 км,10 км және 10 км скандинавиялық жүріс қашықтығы бойынша бақ сынады.

ор

Жол Халықаралық марафондар мен жүгірістер қауымдастығымен ресми түрде сертификатталған.

Нұрқат Нариман есімді азамат марафонға қатысу үшін елордаға Семейден арнайы келген.

«Мен елордадағы марафонға екінші рет қатысып отырмын. Өзімнің дайындығымды орташа деп бағалаймын, өйткені жұмыс істеуге көп уақыт болмады. Бірақ бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Мен өзім үшін жүгіремін, бүкіл қашықтықты жүгіруді мақсат еттім. Баршаңызды осындай марафондарға, спортқа қатысуға шақырамын. Салауатты өмір салтын бірге жүргізейік. Барлық қатысушыларға тек жақсылық пен денсаулық тілеймін», деді Нұрқат.

Марафонға Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шымкент қалаларынан 4 мыңнан астам әуесқой спортшы, сондай-ақ әлемнің 24 елінен, соның ішінде Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь, АҚШ, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Германия, ОАР, Эфиопия және Жаңа Зеландия елдерінен қатысушылар келген.

«Бұл марафонға мақсатты түрде екі апта дайындалдым. Көңіл-күй керемет, бүгін ауа-райы да жақсы. Барлығы өз денсаулығымыз үшін жасалады. Біз компаниядан 21 км қашықтыққа жүгіреміз. осы жылы Түркияда мен 2 сағатта бірдей қашықтықты екі рет жүгірдім. Баршаңызға денсаулық тілеймін, спортпен шұғылданыңыз, осындай жарыстарға қатысыңыз және рекордтарыңызды жаңартыңыз», деді елорда тұрғыны Данияр Иргусаев.

21.1 км қашықтықта абсолютті жас санатында жеңімпаздарға ақшалай жүлде, медальдар, грамоталар және бағалы сыйлықтар берілді. Атап айтқанда, 1 орын – 450 000 теңге, 2 орын – 400 000 теңге, 3 орын-350 000 теңге.

в

Іс-шара кезінде қауіпсіздік, сақтық және тазалық жұмыстары тиянақты ұйымдастырылған.

Жартылай марафонды ұйымдастырушылар – «Бірінші болу-батылдық» корпоративтік қоры, «WorldClassAlmaty» фитнес-клубы, Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және «Другой ты» мультиспорттық Youtube-арнасы.

Айта кетсек, іс-шара елорда әкімдігінің қолдауымен өткізілді.