Теннис • 20 Маусым, 2022

Қазақстандық теннисшілер бірнеше турнирде өнер көрсетеді

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисшілер осы аптада ірі жарыстарда бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық теннисшілер бірнеше турнирде өнер көрсетеді

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Қазастанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен дүниежүзілік рейтингте 33-орында тұрған Юлия Путинцева Истборн (Ұлыбритания) WTA 500 турнирін екінші айналымнан бастайды.

Анна Данилина жұптық сында бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге алғашқы айналымда сербиялық Александра Крунич – Польша өкілі Магда Линетпен кездеседі.

Зарина Дияс жарақатына байланысты Уимблдонды қоса алғанда, көгалдағы төсеніште өтетін додалардан тыс қалып отыр. Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Истборн ATP 250 жарысында бастапқы матчын америкалық Фрэнсис Тиафомен өткізеді.

Александр Недовесов жұптық сында пәкістандық Айсам Курешимен бірге ұлыбританиялықтар Джулиан Кэш – Генри Паттенмен шеберлік байқасады. Андрей Голубев Мальорка (Испания) ATP 250 додасында аргентиналық Максимо Гонсалеспен бірге алғашқы айналымда поляк Хуберт Гуркач – америкалық Себастьян Кордадан өтуге тырысады.

Михаил Кукушкин Уимблдон турнирінің іріктеу сайысында италиялық Лоренцо Джустиномен ойнайды. Тағы бірнеше қазақстандық теннисші түрлі турнирлерде өнер көрсетеді.