Тағайындау • 20 Маусым, 2022

Ресей қазақтарының көшбасшысы сайланды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей қазақтарының федералдық ұлттық-мәдени автономиясының жаңа басшысы болып Есенғали Ибраев сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресей қазақтарының көшбасшысы сайланды

Ол Түмендегі кезектен тыс съезде бес жыл мерзімге сайланды.

Есенғали Ибраев Ресей мен Қазақстан арасындағы серіктестік, достық қатынастарды дамытуға ерекше назар аударатынын айтты.

«Біз түрлі өңірлердегі қазақ ұйымдарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, Ресейдің ұлттық саясатының міндеттерін шешуде мемлекеттің сенімді серіктесі болуға ұмтыламыз. Сондай-ақ қазақ мәдениетін сақтауға, Ресей мен Қазақстан әріптестігінің дамуына жәрдемдесуге, екі ел бірлігін нығайтуға барымызды саламыз», деді Е.Ибраев.

Сонымен қатар Ресей президенті әкімшілігінің ішкі саясат жөніндегі ұлттық саясат бөлімінің меңгерушісі Татьяна Вагина Түмен облысында этномәдени секторды дамыту бойынша жаңа жобалар жүзеге асыратындығына сенім білдірді.