Үкімет • 20 Маусым, 2022

Үкімет дивидендтік саясатты қайта қарау тәсілдерін әзірлеп жатыр

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында 2021 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті қарау кезінде Премьер-Министрдің орынбасары–Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет дивидендтік саясатты қайта қарау тәсілдерін әзірлеп жатыр

«Қазір Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл ретте халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін және табиғи монополиялар субъектілеріне жататын объектілерді алып тастау қарастырылады. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жекешелендіруге жататын объектілер тізіміне енгізу үшін бірқатар басты критерий бекітілді», деді Е. Жамаубаев.

Оның айтуынша, бұл жерде негізгі мақсат – мемлекет үлесін азайта отырып, кәсіпкерлікті дамыту және жекешелендіруден қомақты қаражат түсіру.

«Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқаруға келсек, Үкімет қазір оны реформалау, оның ішінде дивидендтік саясатты қайта қарау бойынша тәсілдер әзірлеп жатыр», деді Үкімет басшысының орынбасары.