Аймақтар • 20 Маусым, 2022

Қостанайда құстың қырылуына қатысты түсінік берілді

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай ветеринария басқармасы Федоровский және Қарабалық аудандарында құстардың неден қырылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда құстың қырылуына қатысты түсінік берілді

Ведомство атап өткендей, 9 сәуірде ветеринарлық қызметке Қарабалық ауданының Тоғызақ, Веренка, Смирновка және Михайловка елді мекендерінде құстарда Ньюкасл ауруына ұқсас клиникалық белгілер байқалғаны туралы хабарламалар түсе бастаған.

«Ауданның ветеринарлық қызметі ауру құстың биологиялық және патологиялық материалдарын жинап, Ньюкасл ауруына тексеру үшін Нұр-Сұлтан қаласының ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталығына жіберді. Құс ауруы тіркелген жеке қосалқы шаруашылықтарда Қарабалық ауданының ветеринарлық станциясы аурудың таралуына тосқауыл қою мақсатында қора-қопсы мен аулаларды дезинфекциялап, 1444 бас құсқа профилактикалық екпе салды. Құстарды қайта вакциналау алғашқы екпеден кейін екі аптадан соң қарастырылған», деп түсіндірді ветеринария басқармасынан.

Ведомство хабарлағандай, 9 маусымнан бері өңірде құс ауруы тіркелген жоқ. Федоров ауданына келсек, ветеринарлық қызметтің мәліметі бойынша құстардың жаппай қырылуы тіркелмеген. Құстардың өлу фактілерін тұрғындар аудандық ветеринария қызметіне хабарлаған жоқ.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 15 маусымда Ленино ауылында 3 құс өлген.