Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің капсуласын салу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенін салу жұмыстарының кестесімен танысты, сондай-ақ, капсула салып, құрылыс жұмыстарын бастап берді.
Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының мәслихат депутаттарымен, негізгі мердігер ұйымдар басшыларымен және инвесторлармен әңгімелесті.
Өз сөзінде Мемлекет басшысы бүгін ЭКСПО-2017 нысандарының құрылыс жұмыстарының басталғанын атап өтті.
– 2017 жылы елордамыздың жиырма жылдығы көрменің ашылуымен тұспа-тұс келеді. Осы жылдар ішінде мен Астананың көптеген нысандарының құрылысын бастап бердім, ал бірақ дәл мұндай нысанды біз салған емеспіз. Бұл іс жүзінде Астананың бірегей инновациялық ғимараттары бар жаңа орталығы болады. Бұл ретте нысандардың басым көпшілігі желдің күшін, күн және өзге қуат көздерін қамтитын «жасыл» энергиямен қамтамасыз етілетін болады. Кешен Назарбаев Университеті үшін базаға айналады, оның студенттері мен ғалымдары жаңа технологиялар әзірлей алатын болады, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев кешен құрамында 4 мың пәтер, жаңа қонақүй, Конгресс-холл, сондай-ақ, ұзындығы 500 метрлік «жабық қала» салу жоспарланып отырғанын айтты.
– Жабық аймақта ойын-сауық және сауда орындары орналасады. Басты павильонның өзі диаметрі 80 метр және биіктігі 100 метр шар пішіндес болады, онда халықаралық павильондар орналасады. Бұған қоса, барлық қажетті нысандары бар аллея жасалады. Жалпы, кешенді салуға өте көп құрылысшы қатысады, шағын және орта бизнестегілер көптеген жұмыс орындарын аша алады. Бұл орайда негізгі мақсат – құрылысқа қазақстандық мердігер ұйымдарды тарту. Бұл үшін оларға өз деңгейлерін көтеруге, жоғары сапа мен кәсіби шеберліктерін көрсетулеріне тура келеді, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті ЭКСПО-2017 әлемдік қоғамдастыққа елордамыздың да, күллі еліміздің де жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік беретінін жеткізді.
– Көрменің өзін өткізумен қатар, біз бай мәдениетімізді, тарихымыз бен өнерімізді көрсетуге тиіспіз. Осының барлығы Үкіметтің, қала әкімдігінің, барлық министрліктер мен ведомстволардың зор үйлесімді жұмысын талап етеді. Біз бұл маңызды міндетті атқара аламыз және әлем алдында мүлде жаңа сапада көрінеміз деп сенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары 2014 жылғы мамырдан 2016 жылғы желтоқсанға дейін жоспарланған. «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің жалпы аумағы – 174 гектар, мұнда аумағы 1 миллион шаршы метрден астам нысандар құрылысы жоспарланып отыр.
Көрме аймағында Қазақстанның Ұлттық павильоны, халықаралық, тақырыптық және корпоративтік павильондар, сауда және ойын-сауық нысандары орналасады. Көрмеден тыс аймақта конференция орталығы, баспасөз орталығы, төбесі жабық қалашық, тұрғын үйлер мен қонақүйлер құрылысы жоспарланған.

АҚШ-та Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 16:34
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады
Президент • Бүгін, 16:32
«Реал Мадрид» Марк Кукурельяны қатарға қосты
Футбол • Бүгін, 16:20
Нұрлы жол – Орал бағытындағы пойызда жолаушы қайтыс болды
Қоғам • Бүгін, 16:14
Әл-Фараби даңғылындағы апат: Айыпталушы көлікте ақау болғанын айтты
Оқиға • Бүгін, 15:59
Эфиопияда автобус шатқалға құлап кетті: 28 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:45
Жамбыл облысында суға батып бара жатқан азамат құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 15:27
Сот үйқамақ шарттарын бірнеше мәрте бұзғаны үшін ҚазТАГ бас редакторының бұлтартпау шарасын өзгертті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 15:18
Жамбыл облысында баласынан айырылған әйелге 5 млн теңге өтемақы төленді
Қоғам • Бүгін, 15:11
Банк • Бүгін, 14:54
Астанада екі жеңіл көлік соқтығысып, 4 адам зардап шекті
Қоғам • Бүгін, 14:50
Иран Ормұз бұғазына байланысты мәлімдеме жасады
Әлем • Бүгін, 14:37
Астанадағы «AMANAT» партиясының маңдайшасы «Әділет» деп өзгерді
Қоғам • Бүгін, 14:10
Әл-Фарабидегі жол апаты: Полицей адвокатсыз жауап беруден бас тартты
Заң • Бүгін, 13:50
Президент АҚШ Қаржы корпорациясының атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:38