Экономика • 20 Маусым, 2022

Лимузиннің салығы қанша?

431 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әр көліктің қозғалтқыш көлеміне қарай салығы да әртүрлі екені белгілі. Қозғалтқыш көлемі ұлғайған сайын салық та көп болады. Ал көліктердің ішінде лимузинге салық қалай есептеледі? Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары түсіндіріп берді.

Лимузиннің салығы қанша?

Салық заңнамасына сәйкес лимузинге де қозғалтқыштың көлеміне қарай салық салынады. Оның көлемі айлық есептік көрсеткіш бойынша есептеледі. Әрі көлік салығының ставкасы бастапқы мемлекеттік тіркеуден өткен және ел аумағына әкелінген күнге де байланысты, дейді Мем­лекеттік кірістер комитеті бас­қарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаева.

Оның айтуынша, 2013 жыл­­ғы 31 желтоқсанға дейін бас­тап­қы мемлекеттік тіркеуден өткен немесе Қазақстан Рес­пуб­ликасының аумағына әке­лінген, қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден асатын лимузиндерге мына ставкалармен салық салынады: 3 мыңнан жоғары
4 мыңға дейін қоса алғанда – 15 АЕК, 4 мыңнан жоғары – 117 АЕК. Биыл бір айлық есептік көрсеткіш – 3 063 теңгені құрайды.

Ал 2013 жылғы 31 желтоқсан­нан кейін елімізде шығарылған немесе құрастырылған және осы аталған уақыттан кейін Қазақстан аумағына келген, қозғалтқыш кө­лемі 3 мың текше сантиметрден асатын лимузиндерге мына ставкалармен салық салынады:

3 мыңнан жоғары

3 200-ді қоса алғанда

35 АЕК

3 200-ден жоғары

3 500-ді қоса алғанда

46 АЕК

3 500-ден жоғары

4 мыңды қоса алғанда

66 АЕК

4 мыңнан жоғары

5 мыңды қоса алғанда

130 АЕК

5 мыңнан жоғары

200 АЕК

«Лимузиндерге салық есеп­теуді көлік құралдарын есепке алу және тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган жүргізеді. Бұл норма 2011 жылдан бастап қолданылады. Егер салық қате есептелсе, салық органы есептелген салық сомасын қайта қарауға құқылы», дейді А.Сартаева.

Сонымен қатар салық заң­намасына сәйкес салық органы көлік құралдары салығы сома­сын қайта қараған кезде сол кезеңге өсім­пұл есептелмейді, дейді са­лық маманы.