Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 маусым күні сағат 23:03-те Мұнайшы шағынауданы, 7 көшесінде орналасқан ғимараттан өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Төтенше жағдай кезінде ешкім зардап шекпеген.
«Қызыл жалынды ауыздықтауға Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 23 қызметкері мен 5 техника, Атырау мұнай өңдеу зауытының 4 қызметкері және 1 техникасы, «Ақберен» мекемесінен 2 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды», делінген хабарламада.
Аяна Тоғанбек