Оқиға • 21 Маусым, 2022

Алматыда құрылысы аяқталмаған тұрғын үй кешенінен өрт шықты

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Саин мен Шаляпин көшелерінің қиылысында салынып жатқан ғимараттың жабыны өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда құрылысы аяқталмаған тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 21 маусым күні таңғы сағат 09:46 шамасында Әуезов ауданындағы «Астана» ықшамауданы 1/10 мекенжайы бойынша жоғары дәрежелі өрт сөндіру бөлімшелері шықты.

«Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына төрт минутта жетті. Олар салынып жатқан ғимараттың жабыны өртеніп жатқанын анықтады. 10 минуттың ішінде өрт оқшауланып, 10:09-да сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», деп мәлімдеді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар департаменті нысан иелеріне құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Аяна Тоғанбек