25 Сәуір, 2014

Мүлікті заңдастыру

528 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Ол қалай жүзеге асады?

2cb794b28f991b86204e3d3d086fa830 Заңдастыру қағидаттары 1. Заңдастыру шаралары экономи­калық, жемқорлық құқық бұзушылық және басқа да қылмыстық жолмен пай­даға асырылған ақшаны және мүлікті айналымға қосу үшін жүргізіледі. 2. Заңдастырылған ақша табыс болып есептелмейді, сондықтан оған салық салынбайды. 3. Азаматтар адамгершілікке және ха­лықтың денсаулығына, қоғамдық тәр­тіп пен қоғамдық қауіпсіздікке, же­ке мүлікке, мемлекеттің қауіпсіздігі мен конституциялық құрылым негіз­деріне, бейбітшілік және адам­зат қауіпсіздігіне, отбасы және жасөс­пі­рім­дерге, жеке тұлғаларға қарсы жасал­ған қылмыстардан басқа жағдайда мүлкін заңдастыру кезінде қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. 4. Заңдастыру кезінде алынған мүлік (ақшаны қоса алғанда) заңдастыруға жатпайды. 5. Заңдастыру мерзімі – 2014 жыл­дың 1 шілдесінен 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін. Заңдастыру нысандары • Ақша және құнды қағаздар; • Заңға сәйкес тиісті құқықтары белгіленбеген Қазақстан Республикасы аумағындағы жылжымайтын мүлік; Сондай-ақ белгілі тәртіп бойынша тиісті тұлғаларға тіркелмеген Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқан мүлік. Заңдастыруға жатпайтын мүлік 1. Мынандай аумақта орналасқан жер телімдері және сол жер телім­дерінде салынған ғимараттар мен қондырғылар: • құрылыс нысандары және құрылым­дары жоқ өз бетімен басып алынған жер­лер және жер телімдері (бос жер телімдері); • елді мекендердің маңайындағы «қызыл» сызық аумағындағы су нысандары және қорғалатын су көздері маңайында, санитарлық қорғау аймақтарында; • қорғаныс өнеркәсібіне, мемлекеттік қауіпсіздік және қорғанысқа қажетті жерлерде; • айрықша қорғалатын табиғат ау­мақтарында жалпы қолданыстағы магистральдық автомобиль және теміржолдарға қарасты жерлерде. 2. Мынандай аумақта орналасқан жер телімдері және сол жер телім­дерінде салынған ғимараттар мен қондырғылар: • жалпы қолданыстағы жерлерде; • ЭКСПО-2017 халықаралық маман­дан­дырылған көрмесінің аумағында. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметі­нің 2007 жылғы 6 қарашадағы №1039 қаулысында бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономи­калық дамуының тұрақтылығын қамта­масыз ету мақсатындағы дағдарысқа қарсы шараларды іс жүзіне асыру шеңберінде бөлінген мемлекеттік бюд­жет қаржысы есебінен салынған құ­ры­лыстардағы, жылжымайтын мүлік­тердегі тұрғын үйлер және тұрғын үй емес бөлмелер, сонымен бірге мемлекет пайдасына берілуге тиіс мүліктер. 4. Мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүлік (құнды қағаздан басқа), оның ішінде автокөлік құрал­дары, ауылшаруашылық техникасы, теміржол көлігі (тиісті емес тұлғаларға тіркелгендерінен басқа). 5. Азаматтық кодекске сәйкес жылжымайтын мүлікке теңестірілген және мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері ішкі су көздерінде жүзетін кемелер, «өзен-теңізде» жүзе­тін кемелер, ғарыш нысандары, магистральдық құбыр желілерінің ішкі бөлігі (тиісті емес тұлғаларға тіркелгендерден басқа). Ақшаны заңдастырудың тетіктері және құралдары • Екінші деңгейлі банктердің арнайы депозиттік шотына ақша аудару. • Заңдастырылатын ақша арнайы депо­зиттік шотта 3 жыл бойы тұруға тиіс. • Екінші деңгейлі банктердің арнайы депозиттік шотындағы ақшаны мерзі­мінен бұрын алған жағдайда заңдастыру үшін 10 пайыз көлемінде төлем алынады. • Экономикаға мынандай жолдармен инвестиция салған жағдайда төлем алынбайды: • мемлекеттік құнды қағаздарды; • «Халықтық ІРО» шеңберінде акцияларды; • Ұлттық компаниялардың бас­қару­шы холдингтердің даму институттардың облигацияларды; • екінші деңгейлі банктердің облига­цияларын; • қазақстандық қор биржасына салынған басқа да құнды қағаздарды; • жекешелендіру шеңберіндегі нысандарды; Мүлікті заңдас­тыру­дың тетіктері мен құ­рал­­дары (ақшадан басқа) • Мүлікті заңдастыру (ақшадан басқа) азаматтар жергілікті атқару­шы органдарының жанындағы комис­сияларға арыз және тиісті құжат­тарды берумен басталады. • Мүлікті заңдастыру үшін (ақшадан басқа) төлем алынбайды. • Заңдастыруға жататын мүлік (ақшадан басқа) осы мүлік туралы комиссияның заңдастыру туралы шешімі шыққан күннен бастап заңдастырылған мүлік деп танылады. • Мемлекеттік тіркеуге жататын заңдастырылған мүлік заңдастырушы азаматтардың жеке өтініші бойынша тіркеледі. • Мүлікті заңдастырушы азамат заңдас­тырылған мүлікті тіркеу жөнін­дегі шығындарды жеке өзі көтереді, құжаттарды дайындау және жасау шығындарын қоса есептегенде. Ұйымдастырылатын шаралар • Қазақстан Республикасының экономикасына инвестиция салуды ынталандыру үшін және жекешелендіру тәртібіне сәйкес «Қаржыны заңдастыруға байланысты азаматтарды амнистиялау туралы» заң жобасын, сонымен бірге қажетті заңнама актілерін белгілеу және қабылдау (2014 ж. мамыр). • Заңдастыру шараларына қатысу­шылардың заңдастырылатын қаржы­ларына деген сенімін арттыру үшін «Халықтық ІРО», Жекешелендіру бағдарламаларының арнаулы бөлімдерін қоса алғанда заңдастыруды қолдау туралы арнаулы бағдарлама белгілеу (2014 ж. мамыр – тамыз). • Бұқаралық түсінік жұмыстарын жүргізу (2014 ж. мамыр – маусым және заңдастыру шараларын жүргізу барысында). • Жергілікті атқарушы органдардың жанынан мүлікті заңдастыру жөніндегі комиссиялар құру (2014 ж. маусым – шілде). Мәселелер • Мүлікті заңдастыру үшін төленетін салымдарды өтеу туралы нормаларды жою туралы. • Мемлекеттік тіркеуге жататын заңдастырылатын мүлік біршама шығынды, оның ішінде жер телімдерінің шекараларын белгілеуге, мүліктің иелік құқығын және мүлікке иелік құқығын бекітетін құжаттарды дайындауға жұмсалатын шығындарды қажет етеді. Бұл шығындар кімнің есебінен – мүлікті заңдастырушылардың немесе бюджет қаржыларының есебінен бе? • Жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылық арқылы түскен ақша қаражатын заңдастыру мүмкіндіктері.