Аймақтар • 21 Маусым, 2022

Жол жағдайы жіті назарда

232 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Маңғыстау қазіргі таңда жол жағдайымен қуана алады. Маңғыстау облысы бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық үлесі 95 пайызды құрайды екен.

Жол жағдайы жіті назарда

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Маңғыстау облысындағы жал­пы қолданыстағы автомобиль жол­дарының ұзындығы 2 957 ша­қырымды құраса, республикалық маңызы бар автожолдарының жалпы ұзындығы – 1 013 ша­қы­рым. Маңғыстау үстінен рес­публикалық маңызға ие ұзындығы 576 шақырымға созылған «Дос­сор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақ­тау» автожолы, ұзындығы 229 ша­қырым «Жетібай – Жаңаөзен – Кендірлі – Түрікменстан шекарасы» автожолы, 59 шақырым «Ақтау – Құрық» автожолы, 64 шақырым «Құрық – Жетібай» автожолы, 85 шақырым «Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы» автожолы өтеді. Облыстағы республикалық маңыздағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарымен «Қазақавтожол» ЖШС облыстық филиалы айналысады. Серіктестіктің өзіндегі 3, сондай-ақ Бейнеу ауданындағы 5, Шетпедегі 58, Ақтау қаласындағы 59 «Жол пайдалану» бөлімдерінің қатаң қадағалауы негізінде жол сапасы талапқа сай. Маңғыстау облыстық «Қазақавтожол» ЖШС филиалында 58 техника, 100-ге тарта адам жұмыс істейді.

2021 жылы «Кешенді-мақ­сатты бағдарлама» аясында рес­публикалық маңызы бар авто­мобиль жолдарында жол қа­уіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 5 477 шаршы метрді құрайтын шұңқырларды жөндеу, 300 дана жол белгілері, 18 дана панно,

1 019 дана сигнал бағаналар, 2 500 метр қоршауларды орнату және жөндеу, автожолдардың барлық желісінде жол таңбасын сызу, 37 дана автопавильондарды жөндеу бойынша жұмыстар атқарылған. Сондай-ақ республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 8 609 метр жарықтарды бітеу, 40 дана жол белгілерін ауыстыру, 318 метр қоршауларды орнату және жөндеу, 300 дана катафоттар орнату бойынша жұмыс жүргізілді және әлі де жалғасуда.

Ал 2021 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті маңыздағы авто­мобиль жолдарының жақ­сы және қанағаттанарлық жағдай­да­ғы үлесі 95 пайызды құрап отыр.

Жыл басынан бері 201,3 ша­қы­рымды қамтитын облыстық және аудандық маңыздағы жол­дардағы 12 жобаның жұмы­сына республикалық және жергілікті бюджеттен 6 120,5 млн теңге қол­дау көрсетілді. Оның ішінде Ақ­тау қаласы аумағында облыстық ма­ңыздағы «МАЭК» су жинау каналынан «Құрық» паромды ке­шеніне дейінгі 27 шақырым автомобиль жолын реконструкциялау, «Хонда» орталығынан Өмір­зақ ауылына дейінгі 4,5 шақы­рымдық жол, Ақтау қаласының Өмірзақ елді мекенінен «Жылы жағажайға» дейінгі 4,6 шақы­рым автомобиль жолының құры­лысы бойынша жұмыс жүр­гізілуде. Маңғыстау ауданында ұзындығы 29 шақырымға со­зылған «Жыңғылды – Шайыр – Шерқала», «Шетпе – Қызан» жолындағы 36 шақырымдық Тас­мұрын – Мастек учаскесі, «Шетпе – Қызан» 25 шақырымға созылған Мастек – Қызан учаскесі жобалары іске асуда.

Мұнайлы ауданы бойынша Атамекен ауылындағы аудандық маңызы бар 3 шақырым автомобиль жолын реконструкциялау, Басқұдық ауылынан Маңғыстау ауылына дейінгі 10 шақырым автомобиль жолы, 4,3 шақырым Мұнайлы ауданы Басқұдық

ауы­лын­дағы автокөлік жолының құ­ры­­лысы жобалары іске асырылуда.

– «МАЭК» су алғышынан Құрық теңіз портына дейінгі 31 шақырым автомобиль жолын реконструкциялау, Ақтау – Қа­лам­қас және Таушық – Шетпе авто­жолдарындағы жасанды құры­лыстарды реконструкция­лау, 3 кезең жобаларының жұмыстарын бастау жоспарлануда. Сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2021 жылдан өтпелі 10 жоба бойынша 8 ауылдың жалпы ұзындығы 45,3 шақырым ауылішілік жолдарына құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айт­қанда, Бейнеу ауданы, Ақжі­гіт ауылы, №2 аймақ мекенжайы бойынша автомобиль жолын салу, Қарақия ауданы Құ­рық ауылындағы кентішілік авто­мобиль жолдарын салу, Жың­ғылды ауылындағы автомобиль жолының құрылысы, Баян­ды ауылындағы №3 орта мек­тепке кіреберіс автомобиль жолының құрылысы, Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы автомобиль жолының құрылысы, Мұнайлы ауданының Адай автобазасынан Баянды ауылына дейінгі автожолдың сыртқы электр жарығын салу, Түпқараған ауда­нының С.Шапағатов ауылын­да (жоғарғы бөлігі) ауыл­іші­лік автомобиль жолын салу, Түп­қараған ауданының С.Шапа­ға­тов ауылының төменгі бөлі­гін­де ауылішілік автомобиль жолын салу, дейді жолға қатысты ат­қа­рылатын жұмыстар туралы Маң­ғыстау облысы бойынша жолау­шылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Адайбек Қалиев.

Басқарма басшысының айтуын­ша, аталған жұмыстарға рес­публикалық және жергілікті бюджеттен 985,4 млн теңге бө­лінген. Бұдан басқа бірқатар жолды жөндеу үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру және қорытындысын шығару бо­йын­ша және «Моно және шағын қалаларда инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту» бағ­дарламасымен Жаңаөзен және Форт-Шевченко қалаларында жүзеге асырылып жатқан жалпы ұзын­дығы 24 шақырым болатын 4 жо­баға бюджеттен 653,9 млн тең­ге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

– Республикалық бюджеттің нақтылауында қосымша Жаңаөзен қаласының «Мұнайлы» және «Ақбұлақ» шағын аудандарының қалаішілік автомобиль жолдарын салу, Жаңаөзен қаласының «Астана» шағын ауданындағы қалаішілік автомобиль жолдарын салу және «Жаңаөзен қаласының «Ақсу» шағын ауданындағы автомобиль жолдарының құрылысы – түзету» жобаларына 468 млн теңге қолдау көрсетілді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыс­тары басталды. Сонымен қатар «Өңір­лерді 2025 жылға дейін дамыту-облыс орталықтары» бағ­дарламасы аясында осы жылы Ақтау қаласының 19а және 33 ш/а арасындағы ұзындығы 0,835 шақырым қолданыстағы №25 автожолды кеңейту және Ақтау қаласындағы №15 жолға Т тәрізді жалғасқан №7 жолды кеңейту жобаларына республикалық бюджеттен 217,7 млн теңге қолдау көр­­сетілді. Аталған жобаларға мем­­лекеттік сатып алу конкурстарын бастау жұмыстары жүруде, дей­ді басқарма басшысы.

Теңіз қақпасы саналатын Маң­­ғыстауда жол жағдайы жаман емес. Бұған дейінгі біткен жұмыстар мен енді атқарылатын жұмыстар бұл жағдайды одан әрі нығайта түседі деп ойлаймыз.

 

Маңғыстау облысы