Қоғам • 22 Маусым, 2022

«Түркістан дауысы» мәреге жетті

463 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістанда биыл екінші рет ұйымдастырылған республикалық «Түркістан дауысы» ән байқауы өз мәресіне жетті. Еліміздің әр өңірінен келген жас әншілер Қазақстан композиторларының және өзі таңдаған шығарманы вокалды-аспаптық ансамбль сүйемелдеуімен орындап шықты.

«Түркістан дауысы» мәреге жетті

Шығармашыл дарынды жас­тарға қолдау көрсету, қазақ музыкасын насихаттау мақсатындағы байқаудың іріктеу кезеңінде 52 үміт­кер онлайн форматта өтінім біл­діріп, оның 17-сі ұйымдастыру ко­митетінің шешімімен ақтық ке­зеңге жолдама алған. Дарындар ара­сында жеңімпазды анықтау қа­зылар алқасына да оңайға соқпады. Бұл орайда қазылар алқасының төр­ағасы, Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері, әнші, композитор Медеу Арынбаев қатысушылар да­йындығының жо­ғары деңгейде болғанын, олардың ән таңдауы, дауыс техникасы, сахна шеберліктері мен жауапкершіліктері мықты екен­дігін атап өтті. Ал танымал композитор Бейбіт Оралұлы: «Маған рес­публикалық байқау ұна­ды. Қаты­сушылардың дені ән айту­дың нағыз ше­берлері деуге болады. Олар тіпті халықаралық бай­қауларға да тәжі­рибелері жететін кәсіби музыканттар екендігін дәлел­дей түсті», деді.

Сонымен, Алматы облысының қатысушысы Алмагүл Батталиева бас жүлде иегері атанса, 1-орынға Ди­дар Абдухалық (Шымкент қала­сы), Бахтияр Ақылбек (Ақтөбе облысы) лайық деп танылды. Ал 2-орынды Толғанай Пазылақын (Алматы қаласы) мен Арқас Айдарбек (Батыс Қазақстан облысы) иемденсе, 3-орын Эльвира Нургужина (Нұр-Сұлтан қаласы) мен Асыл Жомар­товқа (Маңғыстау облысы) және Ернар Амандыққа (Қызылорда облысы) бұйырды. Ал Назрин Мұса (Қарағанды облысы) мен Жанасыл Елубаев (Ұлытау облысы) және Айдана Риза (Қостанай облысы) байқау дипломанттары атанды. Жеңімпаздарға Гран-при кубогынан бөлек, арнайы жүлделер мен дипломдар, бағалы сыйлықтар табысталды.

 

ТҮРКІСТАН