25 Сәуір, 2014

Ықпалдастық үрдістері

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламенттегі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Мәулен Әшімбаев Тәжікстан Халықтық-демократиялық партиясы делегациясымен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Кездесу иелері екі ел ынты­мақ­тастығының өзекті мәселе­лерін талқылады. Мәу­лен Әшімбаев Тәжікстан Қазақ­станның Орталық Азиядағы эко­номикалық және саяси маңызды серіктесі екенін атап өтті. Тараптар Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үрдістерге баса назар аударды. Өз кезегінде Тәжікстан Халықтық-демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Асрор Латипов біздің еліміздің қарқынды даму деңгейін сөз етті. – Сіздердің Президент­теріңіз­дің туған халқы үшін жасап жатқан еңбегі зор. Оған Қазақстанның барлық саладағы орасан жетістіктері дәлел, – деді мейман. Партияаралық ықпал­дас­тық­ты дамыту тақырыбы да әңгіме өзегіне айналып, әсіре­се, фракциялық деңгейдегі қа­дам­дарға көңіл бөлінді. М.Әшімбаев әріптестерін Тәжікстан Ха­лықтық-демократиялық партия­сының 20 жылдық мерейтойымен құттықтай келіп, партияның елдің тұрақтылығы мен экономикасын дамытудағы рөліне тоқталды.