Тағайындау • 22 Маусым, 2022

Мемлекеттік қызмет агенттігінің БҚО-дағы департаментіне жаңа басшы келді

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық кадр саясаты мәселесі бойынша комиссияның келісімімен және меритократия қағидаттарына сәйкес Мұрат Байсалов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік қызмет агенттігінің БҚО-дағы департаментіне жаңа басшы келді

Жаңа басшыны ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы Әлібек Ахмедьяров облыс әкімімен, өңір активімен және департамент ұжымымен таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Мұрат Сейлбекұлы 1988 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында туған.

Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын мемлекеттік басқару мамандығы бойынша бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2011 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі кадрлық қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік қызмет өткеру басқармасының бас сарапшысы болып бастаған.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 11 жылдан асады. Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметтер департаменті директорының орынбасары қызметін атқарып келген.