Спорт • 22 Маусым, 2022

Спорт секцияларының бағасы қайта қарастырылады - Дәурен Абаев

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерінің бағасы қайта қарастырылады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт секцияларының бағасы қайта қарастырылады - Дәурен Абаев

«Бірінші – спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерінің бағасын қайта қарастырамыз. Бұл қадам бағдарламаның ауқымын кеңейтеді. Екінші – мемлекеттік спорттық, шығармашылық және қосымша білім алу тапсырыстарының аясында спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелеріне бір ғана өтініш беру қағидасын енгізу», деді Дәурен Абаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, қазір бір бала мектептегі секцияға, «артспорт» бойынша секцияға және шығармашылық үйірмеге баруы мүмкін.

«Көпшілікті қамту мақсатында біз тек бір секцияны ғана ұсынамыз», деді министр.

Аяна Тоғанбек