Әлем • 22 Маусым, 2022

АҚШ-та орман өрті тыйылмай тұр

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америка Құрама Штаттарында ыстық ауа райына байланысты көптеген аймақта орман өрті ушығып тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ-та орман өрті тыйылмай тұр

АҚШ-тың оңтүстік-батысындағы Нью-Мексико штатындағы орман өрті осы уақытқа дейін 1380 шаршы шақырымды жайпап үлгерді. 

«Шенеуніктер Нью-Мексикодағы құрғақ ауа райы жағдайын жете бағаламағандықтан, орман өрті қаупін азайту үшін өртті жоспарлауда бірнеше қателіктер жіберді», делінген АҚШ орман қызметінің хабарламасында.

Өртті жылдам сөндіруге су ресурстарының жетіспеушілігі де себеп болып отыр. Салдарынан жүздеген үй өртеніп, мыңдаған адам эвакуацияланды. 

Нью-Джерсидегі орман өрті де елді әбігерге салып отыр. Нью-Джерсидің оңтүстігінде тұтанып жатқан орман өрті штаттағы соңғы 15 жылдағы ең ірі өрт ретінде тіркелген.