Қаржы • 22 Маусым, 2022

Доллар қымбаттады

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар қымбаттады

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 5,79 теңгеге қымбаттады.

Осылайша, 1 АҚШ долларының орташа бағамы - 454, 11 теңге.

Ұлттық банктің 22 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 447,93 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 453 теңге, сатып алу – 458,50 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 451 теңгеден болса, сатып алу құны – 456 теңгені құрады.