«Көкжиек-Күмістау теміржол учаскесінің 95-ші шақырымында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 344-бабы 1-бөлігі (Жол қозғалысы немесе темір жол көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді», делінген ақпаратта.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккендер туралы дерек жоқ.