Мәскеуде Каспий теңізі жағалауы елдері Сыртқы істер министрлерінің конференциясында ағымдағы жылдың қыркүйегінде Астраханьда өтетін төртінші Каспий саммитіне дайындық мәселелері талқыланды және аталған шараға дайындық бойынша жұмыстардың алдын ала қорытындылары шығарылды.
Іс-шараның ашылу кезіндегі сөзінде Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Каспий теңізін жауапкершілікпен қолдану мәселесіне қатысты кешенді мәселелер бойынша өзара тиімді шешімдерді одан әрі іздеудің маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов: «Каспий ұзақ жылдар бойы оның жағалауын мекен еткен халықтарды бірлестірген достық пен тұрақтылық теңізі болып отыр. Каспий теңізі мәртебесін реттеу және халықаралық саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың құқықтық режімін құру Қазақстан үшін саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, Каспий өңірін дамыту, оның табиғи байлықтарын сақтау мен көбейту және бірегей географиялық орналасуын қолдану тұрғысынан стратегиялық маңызды мәселе болған және болып қала бермек», деп мәлімдеді.
«Тек үйлестірілген күш-жігер теңіз жағалауындағы мемлекеттердің ресурстарын әлемдік экономикаға сәтті түрде ықпалдастыруға мүмкіндік береді, ал біздің жоспарлап отырған және жүзеге асып жатқан жаңа инфрақұрылымдық жобаларымыз біздің елдеріміздің қазіргі мүмкіндіктері мен жалпы Каспий аймағының дамуына жағдай жасайды», деп мәлімдеді Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы.
Шара аясында алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі кездесуде қарастырылатын саяси құжаттардың жобалары қарастырылды, сонымен қатар, Каспий теңізіндегі биоресурстарды сақтау мен төтенше жағдайлардың алдын алу салаларындағы салалық келісімдер жобасы бойынша жұмыстардың нәтижелері талқыға салынды.
Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Астрахань саммитінің күн тәртібіне өз ұсыныстарын енгізді және жалпы Каспий теңізі мемлекеттері президенттерінің қарастыруына ұсынылатын мәселелер тізімі келісілді. Тараптардың ортақ пікірлеріне сәйкес, саммиттің күн тәртібіне енгізілетін мәселелер қағидатты сипатқа ие және келіссөздер үдерісіне қатысушы барлық тараптардың мүдделеріне сай келетін, салмақтанған саяси шешімдерді талап етеді.
Конференция конструктивті үнқатысу, өзара түсіністік пен мәміле рухында өтіп, тараптардың бірқатар аспектілер бойынша ұстанымдарының жақындасуына ықпал жасалды.
Тараптар кездесудің нәтижелерін оң бағалап, Каспий теңізі жағалауы елдері Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі конвенцияны әзірлеу бойынша Арнайы жұмыс тобының келіссөздер механизмі шеңберінде аталған саммитке дайындық бойынша жұмыстарды жалғастыруға келісті.
Конференция алаңында Е.Ыдырысов пен Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтың екіжақты келіссөздері өтті. Тараптар екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық және көліктік-логистикалық ынтымақтастық мәселелерін талқыға салды. Атап айтқанда, алдағы уақытта Қазақстан – Түрікменстан – Иран теміржолының түрікмендік-ирандық торабы іске қосылуының маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, Иран ядролық бағдарламасы жөнінде «алты плюс бір» пішініндегі халықаралық келіссөздер барысы талқыға салынуына орай, Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы осы үдеріске деген қолдауын жеткізіп, әрі қарай да барынша ықпал жасала беретінін атап өтті.
Сондай-ақ, Е.Ыдырысовтың Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесуі болды. Әңгімелесуші тараптар көліктік-логистикалық ынтымақтастықты дамытуға назар салып, ағымдағы жылы екі елдің басшылары деңгейінде байланыстар орнатуға келісті. Қазақ және түрікмен халықтарының тарихи тығыз байланыстары қазіргі деңгейдегі өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға елеулі негіз болатыны атап көрсетілді.
Сәулебек БІРЖАН.

Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Бүгін, 21:21
Жалпыұлттық коалиция белсенділері ақпараттық науқанды аудандарда жалғастырып жатыр
Ата заң • Бүгін, 21:00
Рамазан айы азаматтардың тұтыну шығындарына қандай өзгеріс әкеледі?
Қоғам • Бүгін, 20:40
Айзат Жұманованың ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Қоғам • Бүгін, 20:03
Петропавл электротехникалық зауытының ұжымы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 19:38
«Зеленый Север» ұжымымен кездесуде Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:30
Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12