Әлем • 23 Маусым, 2022

Эквадорда 18 полицей жоғалып кетті

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Эквадорда жергілікті наразылық білдірушілер полиция бөлімшесіне шабуыл жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Эквадорда 18 полицей жоғалып кетті

Осы оқиғадан кейін 18 полицей із-түзсіз жоғалып кетті. 

Эквадор Ішкі істер министрі Патрисио Каррилло баспасөз мәслихатында Амазонка аймағындағы Пуйо қаласындағы полиция бөлімшесіне шабуыл жасалғанын растады. Сондай-ақ оларды іздеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді. 

Министрдің айтуынша, шерушілердің агрессивті әрекеттері салдарынан 9 полицей жараланған. Олар жиналғандарға оқ атып, банктер мен мемлекеттік және жеке нысандарды тонаған.