Аймақтар • 23 Маусым, 2022

«Қалбатау-Майқапшағай» тасжолының құрылысы қайта жанданды

671 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздегі құрылысы ұзаққа созылып, проблемалық деп танылған «Қалбатау-Майқапшағай» күре жолында құрылыс жұмыстары қайта жанданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қалбатау-Майқапшағай» тасжолының құрылысы қайта жанданды

Осылайша, бас мердігердің алдына 2022 жылдың соңына дейін 250 шақырым жолды қолға алу міндеті қойылды.

«Құрылыс консорциумымен келісімшартқа 2017 жылы қол қойылды. Бірнеше жыл бойы жобалау жұмыстары жүргізілді. Жалпы учаске саны —10.

Қайта құру жұмыстарының қарқыны  төмен болып, мердігерлер бекітілген жұмыс кестесінен қалып қойды. Негізгі себеп — бас мердігерлердің жұмысына салғырт қарап, жұмыс істемеуі.

Құрылыс консорциумы бір шетелдік (Қытай) және бір отандық компаниядан тұрды. Биылғы жылдың ақпан айынан бастап Қытайлық компания және ЭксимБанкпен келіссөздер жүргіздік. Жұмысты қытайлық компания аяқтайтыны туралы келісімге келдік, бас мердігер жыл соңына дейін жолдың көп бөлігінде жол қозғалысын қамтамасыз етуге ниетті. 2023 жылдың соңына дейін осы жобаны сәтті аяқтау үшін барлық қажет шараларды қолданамыз. Қалған құрылысы ұзаққа созылып кеткен тасжолдар бойынша да жүйелі жұмыстар жүргізудеміз», деді ҚазАвтоЖол басшысы Мейірхат Қасымбаев.

Қазір 300-ге жуық арнайы техника мен 400-ден астам жұмысшы жұмылдырылған. Жол қызметкерлерінің 90% - ы жергілікті тұрғындар, олар техникалық мамандықтарға бейімделіп, оқып шықты.

Еске сала кетейік, республикалық маңызы бар автожолдың жалпы ұзындығы 415 шақырымды құрайды, қайта жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін тас жол 2 жолақты болады және II техникалық санатқа сәйкес келеді.