Қоғам • 23 Маусым, 2022

Бішкектен Алматыға жаңа рейстер ашылды

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы - Бішкек бағыты бойынша жаңа рейс ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz Бішкек әуежайының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Бішкектен Алматыға жаңа рейстер ашылды

Рейстерді қырғызстандық «Авиа Траффик» тасымалдаушысы орындайды. Осы бағыт бойынша жолаушылар күн сайын ұшады.

Бұған дейін 23 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан - Бішкек бағыты бойынша рейстер ашылғаны белгілі болды. «FlyArystan» лоукостері аптасына екі рет - дүйсенбі және бейсенбі күндері ұшады.

Қазір Қазақстаннан Қырғызстанға аптасына сегіз рейс ұшып жүр. «Air Astana» әуекомпаниясы Алматы - Бішкек бағыты бойынша аптасына сегіз рет ұшады.

Аяна Тоғанбек