25 Сәуір, 2014

Ішкені ақталуға негіз емес

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Ертіс ауылында белгісіз біреу қоғамдық орындарда орналасқан үш ақпараттық баннерді бүлдіріп, №1 орта мектептің сыртқы бей­не­бақылау камерасын ұрлап әкетіпті. Онымен қоймай, туберкулезге қарсы емдейтін аурухана, аудандық аурухана, балалар өнер мектебі, қазынашылық басқармасы сияқты әкімшілік ғимараттарда ілініп тұрған елі­міздің Мемлекеттік туларын жұлып алыпты» деген хабарды естіп, «Айдың, күннің аманында Туымызды жұлдырып қарап отырамыз ба!» деп жұртшылық та елең ете түсті. Сөйтіп, жедел-іздестіру ша­ра­лары барысында 1985 жы­лы туған бұрын сотталған Фанис Ганиев деген ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қама­лыпты. Ф.Ганиевтің өзі мұндай бейбастақтық, әрекетке мас кү­йінде барғанын айтыпты. Осы­ған орай, аудандық ішкі істер бөлімі Ф.Ганиевке қатысты ел­і­­міздің Мемлекеттік нышандарды қор­лағаны үшін қылмыстық іс және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік өндіріс іс қозғады. Фарида БЫҚАЙ,  «Егемен Қазақстан». Павлодар облысы, Ертіс ауданы.