25 Сәуір, 2014

Мемлекетаралық іздеуде жүрген алаяқ тұзаққа түсті

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қостанай облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, Марал  Таңат­қанов деген азаматты ұстады. Ол алаяқтық жасауына байланысты айыпталып, мемлекетаралық іздеуде жүрген болатын. Марал Таңатқанов өзінің інісі Жанар Таңатқановпен және бірнеше туыстарымен сыбайласа отырып, алаяқтық жасаған. Олар қалада қиналып жүрген тұрғындардың сеніміне кіріп, алдап, олардың қозғалмайтын дүние-мүлкін өзінің туыстарының атына жазып ала берген де, шетінен сата берген. Сонымен қатар, олар әлеуметтік төлемақылармен де алаяқтық жасады деген күдік бар. Қазір бұл алаяқ топқа Қылмыстық кодекстің түрлі баптары бойынша 10 қылмыстық іс қозғалды. Талайды сан соқтырған алаяқтар ісін тергеу үшін құрамында прокуратура, Эко­номикалық қылмысқа және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес департаментінің, Ішкі істер департаментінің өкілдері бар ар­найы ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылды. Қаржы полициясы облыс тұр­ғындарына Таңатқановтар алаяқтығынан зардап шеккендердің, олардың қылмысын білетіндердің хабарласуын өтініп отыр. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан». ҚОСТАНАЙ.