Қоғам • 23 Маусым, 2022

Оралда 4 жасар бала терезеден құлап кетті

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласындағы пәтердің үшінші қабатынан құлап кеткен 4 жасар бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда 4 жасар бала терезеден құлап кетті

БҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға бүгін сағат 12:23-те «Құрылысшы» шағынауданындағы тоғыз қабатты үйде орын алды.

«Ата-анасының қарауынсыз қалған 4 жасар бала үшінші қабат терезесінен құлап кетті. Алдын ала мәлімет бойынша бала жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Оған қоса самай тұсынан, ішінен жарақат алған. Қазіргі уақытта баланың жай-күйі белгісіз. ТЖД ата-аналарға кішкентай балаларын қараусыз қалдырмау керектігін еске салады», деп хабарлады ведомстводан.