ҚР Парламенті Сенатының депутаттары «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екі оқылымда қолдады. Құжат Мемлекет басшысының қолына жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенатор Ерік Сұлтанов заң жобасында қарыз шартында белгіленген мерзімде мемлекеттік Сыртқы қарыз қаражатын игермегені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу көзделгенін хабарлады.
«Бұл жауапкершілік бюджеттік бағдарламаның бірінші басшысына жүктеледі. Бұл түзетулер бюджет заңнамасының жауапкершілігін күшейтуге, сондай-ақ республикалық бюджетті тиімді пайдалануға бағытталған». дед ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ерік Сұлтанов.
Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов түзету қажеттілігін дәлелдей отырып, аудиторлық іс-шараларды жүргізу барысында жыл сайын тиімсіз жоспарлау мен бюджет қаражатын пайдаланбаудың көптеген фактілері анықталатынын хабарлады.
«2019 жылы әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау мен пайдалану сомасы 1 трлн 400 млрд теңгені, 2020 жылы - 1 трлн 773 млрд теңгені, ал 2021 жылы - 340 млрд теңгені құрады. Бұл төмендеу 2021 жылы мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемінің жеті есе азаюымен түсіндіріледі. Тартылатын сыртқы қарыздарды пайдаланудың тиімділігіне қатысты мәселелер де бар. Бүгінгі таңда үкіметтің сыртқы қарыздарының жалпы сомасы 21,4 млрд долларды құрайды. Оның ішінде 775 млн доллар сомасындағы қарыздар жойылды, 4,6 млрд доллар сомасындағы 11 жобаны іске асыру мерзімі ұзартылды», деді Сұлтанбек Мәкежанов.
Заң жобасында сондай-ақ байланыс операторларының сапа стандарттарына, техникалық нормаларға және байланыс қызметтері сапасының көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін пайдаланушыларға байланыс қызметтерін көрсеткені үшін жауапкершілігін күшейту көзделеді.
Бұл шара сандық теңсіздікті жоюға, ғаламторға барынша қол жеткізуді және сапалы байланысты қамтамасыз етуге көмектеседі.
Сондай-ақ, құжатта көлік құралын мемлекеттік нөмірсіз немесе жалған мемлекеттік нөмір белгісімен басқарғаны үшін жауапкершілік күшейтіледі.
Бұдан басқа, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орындары құрылтайшыларының оқуды жалғастыру үшін білім алушыларды ауыстыруды қамтамасыз етпегені және лицензиядан айырылған немесе оның қолданылуы тоқтатылған, сондай-ақ жоғары оқу орны таратылған жағдайда олардың жеке істерін басқа жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орындарына бергені үшін әкімшілік жауаптылығы белгіленеді.
Бұл шара, ең алдымен, білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға ықпал етеді.
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар