Аймақтар • 23 Маусым, 2022

Өскемен-Шемонаиха тасжолында базар өртенді

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында құрылыс материалдары базары өртенді. Өрт аумағы 220 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскемен-Шемонаиха тасжолында базар өртенді

«Өрт сөндірушілер 220 шаршы метр аумақта өртті толығымен жойды», делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Өрттің алдын ала себебі - электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

Өртті ШҚО ТЖД жеке құрамының 8 адамы мен 3 техника сөндірді.