Спорт • 23 Маусым, 2022

ӘЧ: Су добынан Қазақстан Бразилиядан басым түсті

16 рет көрсетілді

Су добынан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы Бразилиядан басым түсті, деп хабарлайды Egemen.kz prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Дүбірлі дода Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионаты аясында ұйымдастырылып жатыр.

Еліміздің әйелдер құрамасы D тобында Австралия, Жаңа Зеландия және Бразилиямен шеберлік байқасуда. Бүгінгі кездесуде қазақстандық спортшылар жинақы қимыл көрсетті.

Нәтижесінде қарсыласын 10:6 есебімен тізе бүктірді. Бұл топтағы Австралия Жаңа Зеландиядан 11:2 есебімен басым түсті.

Қазақстандық қыздар алғашқы кездесуінде Австралиядан 6:19 есебімен жеңіліп қалды. Енді олар 24 маусымда Жаңа Зеландиямен ойнайды.

Сондай-ақ, әлем чемпионатында D тобында еліміздің ерлер құрамасы Австралия, Сербия, АҚШ құрамалары сынға түсіп жатыр.

Жігіттер алғашқы кездесуінде Австралияға 4:10 есебімен есе жіберіп қойды. Енді ел құрамасы 23 маусымда АҚШ-пен кездессе, 25 маусымда Сербияға қарсы шығады.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда троллейбус өртенді

Оқиға • 24 Маусым, 2022

ТүркПА-ның атауы өзгереді

Парламент • 24 Маусым, 2022

Ұқсас жаңалықтар