Еліміз егемендік алған алғашқы жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтында (қазіргі Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы) тұңғыш рет кино мамандарын даярлайтын бөлімдердің ашылуы қазақ өнері мен мәдениетінің тарихындағы айтулы жаңалықтардың бірі болды. Бұл шынында да қазақ кино өнерінің болашағын айқындап берген өте маңызды қадам еді.

Аталған оқу орнында 1993 жылдан бастап кинотану, кинотеледраматургия, кино режиссері (көркемсуретті, деректі, анимация), кино және телевизия операторы, т.б. мамандықтары ашылып, алғашқы шәкірттері қабылданды. Әмен Қайдаров, Әкім Тарази, Камал Смайылов, Бауыржан Нөгербек, Ерсайын Әбдірахманов сияқты қазақ өнері мен әдебиетінің, мәдениетінің белгілі қайраткерлері осы игі істердің басы-қасында болып, өздері де өзегін жарып дәріс оқыды. Олар қазақтың өз киномектебінің ашылғанына шынайы қуанды, әрқайсысы болашақ кинематографистердің рухани ұстазына айналды. Өйткені олар тәуелсіздіктің қадірін білетін ұрпақтың өкілдері еді. Осылайша, жаңа мемлекеттің құрылысы жүріп жатқан тұста дүниеге келген кинопедагогика ұлттық кинематографтағы ұрпақтар сабақтастығының үзілмеуінің бірден-бір себепшісі болды. Жалпы, бұл – келешек үшін қазақ киносының ең бір ұтқан маңызды сәті еді.
1993 жылы алғашқылардың бірі болып ашылған мамандықтардың қатарында кинотану да болды. Осы жылы белгілі кинотанушы, профессор Бауыржан Рамазанұлы Нөгербек өзінің алғашқы шеберханасына он бір адам қабылдады. Солардың бірі – кейін өзі де ұстазының жолын қуып, қаншама шәкірт тәрбиелеген, қазақ кинотану саласына үлкен үлес қосқан Гүлжан Құрманғалиқызы Наурызбекова болатын.
Әрине әрбір жаңалықтың дүниеге келіп, қалыптасуы, бір арнаға түсуі оңай емес. Барлық кезеңнен өтетіні белгілі. Кинотану мектебі де осы жолдардың барлығынан өтті. Студенттік жылдардан бастап тәуелсіз Қазақстанның ұлттық кино мектебінің, соның ішінде кинотану саласының қалыптасу сәттерінің куәсі болу мүмкіндігіне ие болдық. Міне, осы кезеңде Гүлжан Құрманғалиқызы ұстазымыз Бауыржан Рамазанұлының жанында жүріп, алғашқы оқу бағдарламаларын құрастырып, олардың оқу процесіне еніп, студенттердің білім алуына оңтайлы жағдай жасауға зор еңбек сіңіргендердің қатарынан болды.
1990 жылдардың соңына қарай енді ғана қанатын қомдап келе жатқан кинопедагогика саласына дәріс беретін мамандар ауадай қажет еді. Оқуын жаңа ғана тәмамдаған Гүлжан Құрманғалиқызы кафедраға бірден оқытушы болып қабылданды. Өйткені студенттік жылдардың өзінде-ақ ерік-жігерінің мықтылығы, жан адамды жатырқамайтын көпшілдігі, ұйымдастырушылық қасиеті, еңбекқорлығы, мамандығына деген керемет сүйіспеншілігі, ізденімпаздығы ерекше байқалып тұратын. Көп уақыт өтпей-ақ кафедра меңгерушісі болып тағайындалды. Осылайша, әлі де шешілуге тиіс мәселелері көп кинопедагогиканың күрделі де қызықты өміріне бел шеше араласып кетті. Ең алдымен, кафедраның оқытушылар құрамы толықтырыла бастады. Өйткені жыл сайын көбейіп келе жатқан студенттерге кино өнерімен байланысты түрлі пәндерден дәріс беретін мамандардың келіп қосылуы заңды еді. Осылайша, болашақ кинотанушылар мен кинотеледраматургтерді дайындайтын кафедраның ісі алға қарай біртіндеп ілгерілей бастады.
Еліміздегі кинопедагогиканың алғашқы кезеңіндегі ең бір күрделі мәселе – фильмдер қорының тапшылығы еді. Кино мамандары, әсіресе болашақ кинотанушы үшін отандық және әлем киносымен таныс болуы өте маңызды екені белгілі. Ол жылдары қазіргідей кез келген уақытта қалаған фильміңізді интернеттен тауып көре беретіндей мүмкіндік жоқ. Кино мамандарын даярлайтын бөлімдердің алғашқы студенттері отандық және әлем киносының шығармаларын негізінен Кино үйінде, кинотеатрларда жиі ұйымдастырылатын кино апталықтарында, шетел киносының онкүндіктерінде көріп, танысатын. Уақыт өте келе әлемнің белгілі деген небір режиссерлерінің фильмдері жазылған алғашқы VHS, кейінірек Betacam бейнекассеталары пайда бола бастады. Міне, осы кезде кинотанушы, ұстазымыз Раушан Оспанова фильмдер қорын жинауға ұсыныс білдіреді. Әрине жаңалықты, жаңашылдықты әрдайым жаны сүйетін кафедра меңгерушісі Гүлжан Құрманғалиқызы бұл ұсынысты қолдай кетеді. Сөйтіп, көп уақыт өтпей-ақ №116 аудитория болашақ киногерлер үшін жұмақ мекенге айналып сала берді, өйткені ондағы шкафтың сөрелерінде әлем киносының небір жауhарлары жазылған кассеталар тізіліп тұратын. Бұл фильмдер қорының сол жылдары кино мамандарын, соның ішінде кинотанушыларды даярлайтын кафедраға тигізген көмегі зор болды.
Гүлжан Құрманғалиқызы кинотану шеберханасының жетекшілігі және кафедра меңгерушілігімен бірге шығармашылығын да қатар алып жүрді. Баспасөз беттерінде қазақ киносы туралы мақалалары мен түрлі тақырыптарға арналған сұхбаттары жиі жарияланып тұрды. 2000 жылы Мұхтар Әуезов шығармаларының экрандалу мәселелері арнайы зерттелген «Әуезов және кино» атты монографиясы жарық көрді. Сондай-ақ 2005 жылы жарық көрген «Қазақ киносының тарихы» атты қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтың авторларының бірі әрі ондағы қазақ көркемсуретті киносының тарихы туралы бөлімнің авторы болды. Бұлардан бөлек студенттерге арналған қаншама оқу-әдістемелік құралдарды жариялады. Еліміздің кинопедагогика саласына сіңірген тағы да басқа көптеген маңызды еңбек елеусіз қалмай, Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісімен» марапатталды.
Ұстазы, Қазақстандағы кәсіби кинотанудың негізін қалаушы, белгілі кинотанушы Бауыржан Нөгербектің мектебінен түлеп ұшқан Гүлжан Құрманғалиқызының қазақ киносын зерттеу саласына, кинопедагогикаға қосатын үлесі, болашақ жоспарлары әлі де көп еді. Бірақ амал нешік... «Жазмыштан озмыш жоқ» дейді, осы жылғы наурыз айының соңында сұм ажал ортамыздан алып кетті.
Бүгінгі кинопедагогикада, киноөндірісінде, телевидениеде, кинофестивальдарда т.б. жемісті еңбек етіп жүрген қаншама шәкірттері, құрметтейтін достары мен әріптестері бар Гүлжан Құрманғалиқызының қазақ киносы, кинотану саласы үшін еткен еңбегі ешқашан ұмытылмайтынына кәміл сенеміз!
Назира РАХМАНҚЫЗЫ,
кинотанушы,
Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар