«Жазғаны – жақұт, жегені жантақ» журналистер қауымының кәсіби мерекесіне де санаулы күндер қалды. Үкіметтің қаулысымен арнайы бекітілген 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралардың алғашқы легі де басталып кетті. Осыған орай «Назарбаев Зияткерлік мектептері» (NIS) дербес білім беру ұйымы алғаш рет республикалық медиамарафон өткізді.

Жалпы кәсіби мерекелерді өткізудің қатып қалған қағидаты бар. Құттықтау шараларының көбі ресми форматта өтіп, лебіз білдіру, Алғысхат берумен шектеледі. Ал елордадағы физика-математика бағытындағы NIS-те өткен іс-шара ерекше рәуіште өтті.
Журналистерді қарсы алған осы бағыттағы мектептің директоры Мейрам Жакенов: «Журналист – қызығы мен қиындығы қатар жүретін, жауапкершілігі үлкен мамандық. Төртінші билік өкілдері қашан да – қоғамның үні әрі айнасы. Әлбетте, ақпарат майданында жүру, жаңалық тарату оңай шаруа емес. Бүгінге дейін сіздер біздің елең еткізерлік оқиғаларымызды елге жеткізіп, сол арқылы зияткерлік мектептеріне, шәкірттерімізге қолдау көрсетіп келдіңіздер. Осы жолы сіздерді жұмыс істеп, жазу үшін емес, мерекелік көңіл күйді сезініп, бір сәт рухани демалсын деп арнайы шақырып отырмыз», дей келе ақпарат саласының өкілдеріне жылы лебізін білдірді.
Расымен іс-шараға шақырылған әр журналист медиамарафонның шын пейілмен, ұсақ-түйегіне дейін ойластырылып жасалғанына куә болды. Алдымен Мейрам Әміржанұлы бастаған ұжым журналистерге физика-математика бағытындағы мектептің тәжірибелік зертханаларымен, әртүрлі үйірме, секцияларымен таныстырды. Мұндағы ұстаздардың шеберлік дәрістеріне журналистердің өздері де қатысып, біраз саланың ішкі әлеміне үңілді.
Медиамарафонның алғашқы шеберлік сабағы көнеден келе жатқан кәсіп түрі – қыш өнерімен танысудан басталды. Қосымша білім беру педагогі Асан Борончинов қалам ұстаған қауымға саз балшықтан құмыра, тостаған, табақ, тіпті сазсырнай жасаудың қыр-сырын көрсетті. Қызық біздің қолымызға небәрі 300 грамдық саз ұстатқанда басталды. Оны илеудің өзі күш екен. Дұрыс иленбесе, істегелі тұрған «ғажайып» туындыңның пішіні дұрыс шықпайтыны былай тұрсын, кепкенде үгітіліп сынып кетеді. Одан кейін иі қанған сазды үздіксіз айналып тұрған құмырашы шеңбердің ортасына дәлдеп жапсыру, одан қалаған пішінді жасап шығару әжептәуір күш-жігер мен шеберлікті қажет етеді екен. Керамист-шебер гончарлық өнер бір күнде үйренетін іс емес екенін, оған біраз уақыт қажет екенін түсіндірді.
Бұдан кейін «Шебер-Art» шеберлік сабағы өтіп, онда журналистер өнер пәнінің оқытушысы Алтын Ерғазинамен бірге, экологиялық сөмкелерге трафареттің көмегімен түрлі сурет салуға машықтанды.
Ал қосымша білім беру педагогі Салтанат Омарованың «Арт-Дизайн» дәрісінде қатысушылар фетрден ұлттық нақыштағы шағын сөмке жасауды үйреніп, оларды түрлі әшекейлермен безендірді.
Өнер пәнінің мұғалімі Оразбек Ешановтың да сабағы тағылымды болды. Қалам ұстаған қауым ағаштан бесік жасауды үйреніп, дайын бөлшектерді құрастырды. Шебер ұстаз бесіктің қадір-қасиетін түсіндіріп, атадан балаға мұра болып келе жатқан құндылығымыз әр қазақтың төрінде тұруға тиіс екенін айтты.
Естеріңізде болса, осы физика-математика бағытындағы зияткерлік мектебінің 2021-2022 оқу жылы домбыра сабағымен аяқталып, мыңнан астам оқушы еліміздің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтағанның жетекшілігімен қазақтың күйлерін домбырамен күмбірлеткен еді. Осынша оқушының бірмезгілде ұлттық музыкалық аспапта ойнауы «ең ауқымды домбыра сабағы» ретінде тіркеліп, Гиннестің рекордтар кітабына енуге үміткер болып отыр. Міне, осындай мықты ұстаздың алдын журналистер де көріп, А.Тоқтағаннан қазақтың «Еркем-ай» әнін домбырада ойнауды меңгерді.
Жалпы, NIS-те дәстүрлі оқу үрдісімен қатар, ұлттық құндылықтарға, қазақтың ежелгі қолөнер түрлеріне де ерекше көңіл бөлінетіні байқалды.
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар