Аймақтар • 24 Маусым, 2022

Aq dám-нен ауыз тиіңіз

16 рет көрсетілді

Құландылық жас кәсіпкер ауылда тұрып-ақ кәсібін дөңгелетіп, ұлттық құндылықтарды қастерлеудің заманауи үлгісін көрсетіп отыр.

Қарақия ауданына қарасты Құлан­ды ауылында тұратын Даниял Төлеуіш ұлттық тағамдарды сапалы дайындап, көркем етіп қаптап-орап сатуға шығарумен өз кәсібін дамытуда. Қатырған секер, ірімшік, құрт, балқаймақ, ірімшік рафаэлло және тағы да басқа сүт өнімдері бар ұлттық брендтегі тәттілер әдемі қап­тамамен облыс орталығындағы дүкен сөрелерінде және Ақтау халық­аралық әуежайы кафетерийінде саты­лымға шықты.

Бір жыл бұрын түйе және сиыр сүтінен таза табиғи өнім даярлап, от­басылық шағын бизнеспен айналыса бастаған Даниял Төлеуіш арнайы сауын аппараттарын алып кәсібін ұлғайтқан. Отбасы мүшелерінен бөлек маркетингпен, өнімді сатумен, жар­намалық контентпен айналысатын мамандар алып, төрт адамды жұмыспен қамтып отыр.

Қазіргі таңда құландылық жас кәсіп­кердің Aq dám табиғи таза сүт өнімдеріне сұраныс жоғары екен.

Мал сүтінен дайындалған ұлттық тағамдардың денсаулыққа пайдасы қашанда зор. Сондықтан ол тұрғындар үшін де, туристер үшін де сұранысқа ие өнім болмақ.

 

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматыда троллейбус өртенді

Оқиға • 24 Маусым, 2022

ТүркПА-ның атауы өзгереді

Парламент • 24 Маусым, 2022

Ұқсас жаңалықтар