Еліміздің сот жүйесінің тарихы қазақ билерінен бастау алады. Олар Шыңғыс хан қағанатының заң ережелерін бекіттірген. Майқы би «Орда биі» атанған. Ол кезеңнен «Түгел сөздің түбі - бір, түп атасы – Майқы би» деген даналық сөз қалған.

Онан беріде, Қазақ құқығының жүйеленген қайнар көзі болып табылатын, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» деп аталатын дала заңдары негізіндегі заңдар жинағы - «Жеті жарғыны» бекіттірген, Әз Тәуке ханның тұсында билік еткен үш төбе биіміз - Төле би, Қазыбек би мен Әйтеки би.
Қазақ билері бүгінгі болашағымыздың жарқын және кемел болуына көп еңбек сіңірді, дамып, өркендеуіне айтарлықтай үлестерін қосты. Билер жүйесі мемлекетіміздің қалыптасуына, халқымыздың ой-санасының, әлеуметі мен мәдениетінің өсуіне зор ықпал етті. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», «Ханда қырық кісінің ақылы болса, биде қырық кісінің ары бар» деген бабаларымыздан қалған ұлы сөз бар. Қазақ қоғамындағы белгілі бір тектілік қасиеттерді ұстанған турашыл би-шешендеріміздің «қара қылды қақ жарған» әділ шешімдерінің ел, ру арасында орындалуы міндетті шарт болған. Әрбір би әділ шешімдерінің өз ортасына ғана емес, дүйім жұртқа жайылғанын қалаған. Осындай мәртебе арқылы ел сеніміне ие болып, үмітін ақтау үшін аянбай қызмет еткен.
Бүгінгі Қазақстанның сот жүйесі Қазақстан Республикасының Коснтитуциясымен және «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңмен реттеледі. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асыратыны Ата заңымызбен бекітілген.
Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциясына және Конституциялық Заңға сәйкес құрылатын жергілікті және басқа соттар құрайды.
Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттігін немесе сот билігі функцияларын иеленуге құқығы жоқ.
Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді.
Сот жүйесін жетілдіру шеңберінде сот сатысының үш буынды жүйесі енгізілді, мамандандырылған соттар, инвестициялық сот өндірісі құрылды. 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап әкімшілік әділет өз жұмысын бастады.
Бүгінгі сот жүйесі еліміздегі түбегейлі өзгерістермен тікелей байланыста реформалардан өтуде. Реформалардың мақсаты – сот жүйесін халыққа жақындатып, мықты әрі тиімді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сенімді қорғауға қабілетті жүйе құру.
Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
Ендеше, судьяның әділ төрелікті дөп басып айтуы маңызды. Осы бағыттағы сот жүйесіндегі реформалар тәуелсіз Қазақстанның Мәңгілік Ел болып дамуында, Жаңа Қазақстан құру жолында әділ сот төрелігін құру үшін судьялардың жауапкершілігін, көтерер жүгін арттырады. Сәйкесінше, сот корпусына талаптар күшейтілді.
Әрине, судья мамандығы ешқашан жеңіл болмаған және болашақта да оңай болмайтыны белгілі. Еліміздің сот жүйесінің дамыған мемлекеттер сапына қосылуына өз үлесімізді қосу – біз үшін мәртебе, мақтаныш.
Қорыта келе, әріптестерімді биыл алғаш рет атап өтілгелі отырған кәсіби мерекемізбен құттықтаймын. Қиыншылығы мол еңбектеріңізге жеміс, абыройлы зейнет, денсаулық, отбасылық бақыт тілеймін. Еліміздің игілігі жолындағы жауапты жұмыстарыңыздың әр күні сәтті болсын!
Тұрсынгүл ҮМБЕТОВА,
Шымкент қаласының
МАӘС судьясы
Ұлытау облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:52
Головкин мен Канело жекпе-жегінің уақыты белгілі болды
Бокс • Бүгін, 12:39
Президент мұнай тасымалдауда Транскаспий бағдарын дамытуды тапсырды
Президент • Бүгін, 12:30
Қаңтар оқиғасы кезінде Ақтөбе әуежайын басып алғандарға сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 12:23
Елена Рыбакина Уимблдонда жартылай финалдық кездесуін өткізеді
Теннис • Бүгін, 12:12
Президент: «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын толықтай жаңғырту қажет
Президент • Бүгін, 12:04
Алматының екі ауданында бірнеше күн ыстық су болмайды
Аймақтар • Бүгін, 11:59
Қызылордада 20 жастағы қыз аса ірі синтетикалық есірткімен ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:33
Еңбек инспекторлары 10 мыңға жуық жұмыскердің құқығын қорғады
Қоғам • Бүгін, 11:25
Қазақстанда автогаздың шекті бағасы белгіленеді
Қазақстан • Бүгін, 11:16
Алкоголь өнімдерін заңсыз дайындаған адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Қаржы • Бүгін, 10:59
Маймыл шешегі балаларға жұға бастады
Әлем • Бүгін, 10:47
Оқиға • Бүгін, 10:37
Қаржы министрінің орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:24
Қазақстанда 1734 науқас коронавирустан емделіп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 10:18
Әлемде аштықтан жапа шеккендер көбейді – БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:06
Өткен тәулікте 330 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:55
Антикор Лариса Пактың өліміне қатысты тергеуді бастады
ANTIKOR • Бүгін, 09:45
ЕҚЫҰ Бас хатшысы Қазақстанға келеді
Парламент • Бүгін, 09:31
Елордада жалдамалы пәтер иелерінің тізімі жарияланды
Елорда • Бүгін, 09:23
Brent маркалы мұнай бағасы арзандады
Қаржы • Бүгін, 09:10
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:00
Теңіз кен орнындағы жарылыс неден болғаны анықталды
Оқиға • Кеше
Астанада «Елорда бәйгесі» республикалық турнирі өтті
Елорда • Кеше
Педагогикалық ғылымдарға 11 мыңға жуық грант бөлінді
Білім • Кеше
Елордада Алаш тас жолы бойындағы көпір ашылды
Елорда • Кеше
Қазақстанның бірнеше өңірінде бұршақ жауады
Ауа райы • Кеше
Астанада 3 жасар бала 13-қабаттан құлады
Қоғам • Кеше
Алматының 199 тұрғыны коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Кеше
Теңіз кен орнында өзіне қол жұмсаған жұмысшының денесі табылды
Аймақтар • Кеше
Теңіз кен орнында жарылыс болып, екі адам қайтыс болды
Қазақстан • Кеше
Үкіметте КҚК-дағы жағдай талқыланды
Үкімет • Кеше
Ұқсас жаңалықтар