Оқиға • 24 Маусым, 2022

Қарағанды облысында дала өртімен күрес жалғасып жатыр

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында екі жерден тұтанған дала өртімен күрес жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысында дала өртімен күрес жалғасып жатыр

«Өртті жою жерүсті және әуе тәсілдерімен жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында Қарағанды облысы ТЖ департаментінің, өртке қарсы ерікті құралымдардың, жергілікті атқарушы органдардың, орман шаруашылығының, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, полицияның, «Алтай Полиметалы» ЖШС-ның күштері мен құралдары, барлығы 233 адам және 45 техника жұмылдырылды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің 2 тікұшағы тартылып, 70 рет су төгілген.

«Төтенше жағдайды жою аймағында жедел штаб жұмысы ұйымдастырылды. Өрт жайылған аумақ шамамен 1089 га құрайды», деді министрліктен.

Өртті сөндіру таулы-жартасты жерлердің күрделілігімен, жақын маңда су қоймаларының болмауымен, қатты және ауыспалы желдің тұруымен күрделеніп отыр. Жалынмен күрес үшін су жеткізу ұйымдастырылған.