Футбол • 24 Маусым, 2022

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді

22 рет көрсетілді

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (ФИФА) үздік ұлттық құрамалардың әлемдік рейтингін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақстан рейтингте 11 орынға көтерілді (114 орын, +11). Куба (167 орын, +10), Греция (48 орын, +7) және Малайзия (147 орын, +7) да айтарлықтай жетістікке жетті. Косово (106 орын, +1) және Комор (126 орын, +2) рейтингте тағы да рекордтық биіктерге жетті», делінген ФИФА ресми сайтында.

Бұған дейін футболдан Қазақстан құрамасы ұлттар лигасында өткізген төрт матчтан кейін УЕФА ресми сайтында екі статистикалық рейтингте бірден жоғары орынға ие болған еді.

Соңғы жаңалықтар

«Айқайдың» астары

Өнер • Кеше

Байрон ұйығы

Әдебиет • Кеше

Күн гүлі

Таным • Кеше

Ұқсас жаңалықтар