Аймақтар • 24 Маусым, 2022

Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының ең ірі полиция бөлінісі – Петропавл қаласының полиция басқармасында Қазақстан полициясының құрдасы, полиция майоры Ксения Владимировна Ищенко қызмет етеді.

Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді

Ел полициясының 30 жылдығы қарсаңында полицей ару мамандыққа жетуде өткерген кезеңдерін, қызметтің ерекшеліктері және немен әуестенеті жайлы айтты.

Жергілікті полиция қызметі бөліміндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы – Ксения Ищенконың қазіргі лауазымы осындай. Жұмыс ауқымы өте кең. Учаскелік полиция инспекторларының жұмысы «Мың бір міндеттің жұмысы» деп бекерге айтылмаған. 100-ден астам полиция қызметкерлерінің жұмысын бақылау және ұйымдастыру оңай шаруа емес, өте жауапты. Бұрын сотталған адамдар, отбасылық жанжалдар, бұзақылар, маскүнемдер, нашақорлар, сондай-ақ аңшы қаруының иелері – учаскелік полиция инспекторлары күн сайын жұмыс істейтін адамдар әр түрлі. Заң аясында әрекет ете отырып, барлығының тілін тауып, сыпайы болу керек.

Ксения Ищенко туралы басшылық пен әріптестері оң пікірде. Петропавл қаласының ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Айдын Ақмағамбетовтың айтуынша, учаскелік полиция инспекторлары жеке құрамының штаты 101 қызметкерді құрайды. Учаскелік инспекторлар өз жұмысында барлық бағыттарды қамтиды. Сәйкесінше, полиция майоры Ксения Ищенконың да жұмысы сан қырлы. Ол өз міндеттерін өте жақсы атқарады.