Аймақтар • 25 Маусым, 2022

Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады

594 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласында 6 ірі су қоймасы (Достық, Темір, Жамбыл, Көктерек, Жаман-Қарғалы және Әлия) салынады. Қазіргі уақытта жобалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады

Жиында республикалық бюджет есебінен Шалқар көлін тазарту жұмыстары жүріп жатқаны айтылды (жалпы құны 3,1 млрд теңге). Жұмыстың 45%-ы орындалды. Шығарылатын төменгі тұнбаның көлемі 3,0 млн. м3 құрайды, 963 мың м3 тазартылды. Көлді тазарту судың сапасын арттыруға, Шалқар қаласының халқын шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау сапасын жақсартуға және жалпы Арал өңірінің экологиясын жақсартуға мүмкіндік береді.

«Министрлік алдағы жылдары (2023-2024) Жем өзенінің арнасын тазарту, Ойыл өзенін сауықтыру, Елек, Қарғалы және Жіңішке өзендері арнасын тазарту, түбін тереңдету және жағалауды нығайту жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр. 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру шеңберінде жоғарыда аталған жобаларды іске асыру үшін Қаржы министрлігіне бюджеттік өтінім берілді», делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аяна Тоғанбек