Қоғам • 25 Маусым, 2022

ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары - Қазақстан шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды

«Алматы қаласы тергеу сотының 2022 жылғы 24 маусымдағы қаулысына сәйкес, күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш қанағаттандырылды», делінген хабарламада.

Айта кетейік, 22 маусым күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы басшылары билікті асыра пайдалану фактісі бойынша ұсталған болатын.

Аяна Тоғанбек