Спорт • 26 Маусым, 2022

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Шавкат Рахмонов (16-0) UFC-де америкалық Нил Мигниді (26-10) мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін өзінің келесі жартылай орта салмақтағы қарсыласын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды

«Номад» кімге қарсы шыққысы келетіні туралы жекпе - жектен кейін берген сұхбатында қазақстандық UFC-дің 39 жастағы америкалық ардагері Стивен Томпсонның есімін атады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) UFC on ESPN 38 турнирінің басты жекпе-жегі аясында Шавкат Рахмонов мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Аяна Тоғанбек