Аймақтар • 26 Маусым, 2022

Түркістан облысында ер адам әйелін өлтірді деген күдікке ілінді

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісай ауруханасына ес-түссіз жағдайда түскен әйел, бір аптадан кейін көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістан облысында ер адам әйелін өлтірді деген күдікке ілінді

Оқиға туралы Жетісай аудандық полиция бөліміне жедел жәрдем қызметінің мамандары жас әйелдің соққыдан, түрлі дене жарақатымен ессіз-түссіз ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлаған.

«Адам өліміне алып келген қайғылы жағдай бойынша әйелдің күйеуі күдікке ілінді. Ол 14 маусым күні ұсталып, қамалды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр», делінген полиция хабарламасында.

Аяна Тоғанбек