Ахмет Байтұрсынұлы • 27 Маусым, 2022

Байтұрсыновқа арналған байқау

796 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының Тіл­дерді дамыту және архив ісі басқармасы инклюзивті «Қа­нат­тылар» театрымен бірлесе отырып, Ахмет Бай­тұр­сы­н­ұлының 150 жылдығына орай көркемсөз оқу шеберлері мен ақындар мүшәйрасын өткізді. Шара «Жастар» театрында өтті.

Байтұрсыновқа арналған байқау

Іс-шараның мақсаты – ерекше адам­дардың өзгелерге үлгі болатын таланттарын, өнер шеберлерін танымал ету, олардың арасында ақындарды, көркемсөз оқу шеберлерін анықтау.

Жарысқа әр түрлі жастағы бірегей таланттар қатысты. Көркемсөз оқу шебер­лерінің байқауына қатысушылар ақын-жазушылар — Ахмет Байтұр­сынұлының, Мұхтар Әуезовтің, Ғабит Мүсіреповтің, Әзілхан Нұршайы­қов­тың шығармаларын оқыды, олар­дың құрметіне осы жылы мерейтой күндері атап өтіледі. Ақындар Ахмет Бай­тұрсынұлына және ана тіліне ар­налған өз шығармаларын оқыды.

Көркемсөз оқу шеберлерінің ара­сында Гүлмира Шайма­ғанбетова (1-топ) үздік шықты. Екінші орынды Ал­­тыншаш Мұқатаева (1-топ), үшінші орынды Мей­рамгүл Байжі­гітова (1-топ) және Айкүміс Мура­дова (1-топ) иеленді. Мүшәйра қоры­тындысы бойынша бірінші орын Ислам Мағытановқа (1-топ) бұйырды, күмісті Елдос Абаев (1-топ), қоланы Перизат Бекмұратова жеңіп алды. Же­ңім­п­аздар мен қатысушылар баға­лы сыйлықтармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара соңында Премьер-Минис­трдің орынбасары Ералы Тоғ­жанов құттықтау сөз сөйледі. Іс-ша­раға Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау вице-ми­нис­трі Назгүл Сағын­дықова, Нұр-Сұл­тан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бек­мур­заев, Мемлекеттік мекемелердің басшылары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, көп балалы аналар қатысты.

Шара барысында «Қанаттылар» театрының әртістері Ахмет Байтұр­сы­нұлының өмірінен спектакль ұсынды.